(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.14.02 № 134 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 Қаулысы

(2011.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 3 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 776 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 46, 418-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 776 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1220 қаулысы.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 14 ақпандағы

№ 134 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің

2011 - 2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

 

 

1. Миссиясы мен пайымдауы

 

 

Миссиясы

Бәсекеге қабілеттілік пен ұлттық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында көмірсутек шикізаты бөлігінде отын-энергетика кешенін дамыту, экономиканың көмірсутек шикізатына және оны қайта өңдеу өнімдеріне өсіп отырған қажеттілігін қамтамасыз ету, оларды тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми-технологиялық әлеуетті дамыту.

Пайымдауы

Дамыған мұнай-газ өнеркәсібі және магистральдықты қоса алғанда, көмірсутек шикізатын тасымалдау жүйесі мен көмірсутек шикізатын қайта өңдеу бойынша дамыған қуаттар.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.