Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 маусымдағы № А-5/225 Қаулысымен күші жойылды
Ақмола облысы әкімдігінің 2012.01.11. № А-12/517 Қаулысымен мемлекеттік қызметінің регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ақмола облысы әкімдігінің
2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№ А-11/491 қаулысымен
бекітілді
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік қызметінің регламенті
(2012.01.11. берілген өзгерістермен)
1. Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар және қысқартулар қолданылады:
1) уәкілетті орган - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
2) тұтынушы - жеке тұлғалар: жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;
3) учаскелік комиссия - атаулы әлеуметтік көмек сұраған адамдардың (отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия);
4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда белгіленген кедейлік шегінен төмен тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда берілетін төлем.
2. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органмен, тұрғылықты мекен-жайы бойынша уәкілетті орган болмаған жағдайда мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне (бұдан әрі - ауылдық округ әкімі) жүгінеді, олардың мекен-жайлары мен жұмыс кестесі осы Регламентінің 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген (бұдан әрі - қызмет беруші).
3. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1 - бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.