«Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № А-11/491 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № А-12/517 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 маусымдағы № А-5/225 Қаулысымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабындағы 4-тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № А-11/491 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3418 болып тіркелген, «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінде 2012 жылдың 16 маусымында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызметтің регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Қожамжаров |
2012 жылғы 1 қарашадағы
№ А-12/517 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№ А-11/491 қаулысымен
бекітілді
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік қызметінің регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар және қысқартулар қолданылады:
1) уәкілетті орган - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
2) тұтынушы - жеке тұлғалар: жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;