«Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 554 бұйрығы (2024.09.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 554 бұйрығы

(2024.09.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.18.07. № 456 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.13.08. № 362 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.13.08. № 362 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024.24.06. № 310 бұйрығымен (2024 ж. 9 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 40) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін басқару мен үйлестіруді жүзеге асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.13.08. № 362 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ж.Қ.Шаймарданов):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.Қ.Орынхановқа жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.