Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 554 бұйрығы
(2018.29.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 13 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.18.07. № 456 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес және жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін басқару мен үйлестіруді жүзеге асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ж.Қ.Шаймарданов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.Қ.Орынхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Б. Жұмағұлов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
С. Қайырбекова
30 желтоқсан 2011 ж.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.18.07. № 456 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 554 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық
бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру
қағидалары
1-Тарау. Жалпы ережелер