3) тұрғылықты жері тіркелген мекенжай, уақытша тұратын (болатын) жері немесе жұмыс орны бойынша алса, сондай-ақ шақыру қағазын жергілікті əскери басқару органында алған кезде тиісті түрде хабарланған болып табылады.
Əскери қызметке шақырылуға жататын азамат «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне жəне (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жіберілген мəтіндік хабарды, оның ішінде ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің өзгеруіне байланысты оқымаған жағдайда, ол тиісті түрде хабарланған деп танылмайды.
Əскерге шақырылуға жататын азамат шақыру бойынша белгіленген мерзімде келуге кедергі келтіретін дəлелді себептердің болуы туралы өзін шақырған жергілікті əскери басқару органын хабардар етуге міндетті.
Əскери қызметке шақырылуға жататын, шақыру туралы тиісті түрде хабарланған азаматтың келмеуінің дəлелді себептері мыналар болып табылады:
1) адамды келу мүмкіндігінен айыратын сырқат;
2) жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы;
3) дүлей зілзалалар, адамды белгіленген мерзімде келу мүмкіндігінен айыратын өзге де себептер;
4) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу;
5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерде болу.
Əскери қызметке шақырылуға жататын азамат жергілікті əскери басқару органының шақыруы бойынша келмеген жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органына жүктеледі.
2. Əскери қызметке немесе əскери жиындарға шақырылуға жататын азаматтардың медициналық комиссиядан өту кезеңінде жергілікті əскери басқару органдарына шақырылған кезде жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-бап өзгертілді
31-бап. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру
Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы негiзiнде жылына екi рет жүргiзіледi.
Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қарулы Күштердi, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті санында мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жатады.
Мерзімді әскери қызметке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті физикалық және моральдық-психологиялық қасиеттері бар азаматтар шақырылады.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-бап. Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру
Әскери қызметке жарамды, жиырма тоғыз жасқа дейінгі запастағы офицерлер мен отыз екі жасқа дейінгі медициналық қызметтің запастағы офицерлері уәкілеттi органдардың өтiнiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметінің қаулысы негiзінде бейбiт уақытта офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскерге шақырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап жаңа редакцияда; 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33-бап. Әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру
Əскери мiндеттiлер:
2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жұмылдыру дайындығы жөніндегі республикалық іс-шаралар шеңберінде:
әскери басқару органдарына, Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне (мекемелеріне) (Қарулы Күштердің аумақтық әскерлерінің аумақтық органдарын қоспағанда) - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы негізінде;
әскери басқару органдарына, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдеріне (мекемелеріне) - Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган бірінші басшысының бұйрығы негізінде;
2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) Қарулы Күштердің аумақтық әскерлерінің аумақтық органдарына жұмылдыру дайындығы, Қазақстан Республикасы аумақтық қорғанысының дайындығы жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдігінің қаулысы негізінде әскери жиындарға шақырылады.
Əскери оқу-жаттығу жиындарына шақырылуға жататын əскери міндеттілер əскери міндеттілерді курстық даярлық бағдарламасы бойынша əскери даярлық курсынан өтеулі негізде өтуге құқылы.
34-бап. Азаматтарды жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыру
1. Азаматтарды жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентiнің Жарлығы негiзiнде және осы Заңда белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
2. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған әскери міндеттiлер мен әскерге шақырылушыларға жұмыс (қызмет) орны бойынша толық есеп айырысу жүргізiледі, нақты жұмыс iстеген уақыты үшін жалақы, жұмыстан шығу жәрдемақысы және пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы төлемдері төленеді. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында шақырылған азаматтардың өздерi тұрған тұрғын алаңы сақталады. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған азаматтардың отбасыларын мемлекеттік қамсыздандыру (жәрдемақылар, зейнетақылар) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жергіліктi атқарушы органдар, ұйымдар жұмылдыруды жүргiзу кезiнде, соғыс жағдайы енгізілген және соғыс уақыты кезінде әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды уақтылы хабардар етуді және оларды шақыру пункттеріне немесе әскери бөлiмдерге (мекемелерге) жеткiзуді қамтамасыз етуге міндеттi.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
35-бап. Әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру азаматтарға мынадай негіздер бойынша:
2) білім алуды жалғастыру үшін;
4) басқа да себептер бойынша беріледі.
2. Отбасы жағдайлары бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) басқа адамның көмегiне мұқтаж және толық мемлекеттiк қамсыздандыруға алынбаған отбасы мүшелерiн күтумен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында онымен бiрге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде заң бойынша аталған отбасы мүшелерін асырауға мiндетті азаматтарға беріледі.
Басқа адамның көмегiне және күтіміне мұқтаж отбасы мүшелерi:
әкесi, анасы, зайыбы, сондай-ақ әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған жағдайда, зейнеткер жасына толған немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын атасы мен әжесi, егер олар оның асырауында болса;
ата-анасы болмаған жағдайда, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілерi, апа-сіңлілері;
әскерге шақырылушыдан басқа бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын немесе он сегiз жасқа толмаған бiр және одан да көп балалары бар және оларды жұбайынсыз (зайыбынсыз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесi);
өзінің асырауында жасы бойынша еңбекке қабiлетсiз немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын бiр және одан да көп жалғызiлiктi туыстары (әкесi, анасы, аға-інілерi, апа-қарындастары) бар және оларды жұбайынсыз (зайыбынсыз) асырап отырған анасы (әкесi);
бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адам болып табылатын, екіншiсiн өзi асырайтын және әскерге шақырылушыдан басқа он сегiз жасқа дейінгі бiр және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-анасының бiрi;
отбасы мүшелерінің бірінің мүгедектігі бар және әскерге шақырылушы отбасында жалғыз ер бала болып табылады;
анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары);
ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сот бас бостандығынан айыруға соттауына байланысты кемiнде екi жыл тәрбиесiнде және асырауында болған адамдар бар азаматтарға;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) некеде тұрған және бiр және одан да көп баласы бар азаматтарға мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру беріледі.
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 323-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Білім алуды жалғастыру үшін əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру тиісті білім беру деңгейіндегі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын азаматқа азаматтарды əскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларына сəйкес бүкіл оқу кезеңіне беріледі.
Білім алуды жалғастыру үшін əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру рухани (діни) білім беру ұйымдарында білім алатын азаматтарға, егер осы ұйым Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сəйкес білім беру қызметін жүзеге асырған жағдайда беріледі.
Білім алуды жалғастыру үшін əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру білім берудің əрбір деңгейі үшін бір рет беріледі.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып жатқан азаматқа əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру резидентурада, магистратурада немесе докторантурада оқу кезінде тиісінше бір рет беріледі.
Білім алуды жалғастыру үшін əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру шетелдік оқу орындарында қашықтан оқытуды қолдану арқылы білім алатын азаматтарға берілмейді.
4. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру азаматтарға әскерге шақыру комиссиясының шешiмiмен бiр жылға дейінгi мерзiмге беріледi.
5. Басқа себептер бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге - жұмыс істеп жүрген бүкіл кезеңіне;
2) тиiстi бiлiмi бар, мамандығы бойынша ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс iстейтiн дәрiгерлерге - денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс iстеп жүрген барлық кезеңiне;
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы Құрылтайының немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына - олардың депутаттық өкілеттігi мерзiміне;
4) өздеріне қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiліп жатқан немесе соттар қылмыстық iстерiн қарап жатқан адамдарға - тиiсiнше анықтау, тергеу аяқталғанға немесе сот үкiмi күшіне енгенге дейiн;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипажының мүшелеріне, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне азаматтық авиация ұйымдарында жұмыс істеген бүкіл кезеңге;
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) кемелер экипаждарының тиісті білімі бар мүшелеріне су көлігі ұйымдарында жұмыс істеген бүкіл кезеңге;
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) құқық қорғау органдарының жəне азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан адамдарға беріледі.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Осы Заңның 41-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сəйкес запасқа қойылған азаматтарға осы баптың 2-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында, 3, 4 жəне 5-тармақтарында көзделген жағдайларда əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру беріледі.
7. Әскери жиындарға шақыру кейінге қалдырылмайды.
8. Денсаулық жағдайы бойынша әскерге шақыруды кейінге қалдыруды қоспағанда, жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру кезiнде азаматтарды әскерге шақыруды кейінге қалдыру тоқтатыла тұрады.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Денсаулық жағдайы бойынша әскерге шақыруды кейінге қалдыруды қоспағанда, жеке өтінішін, ал осы баптың 2-тармағына сəйкес кейінге қалдыруға құқығы болған кезде - мүдделi адамдардан нотариат куəландырған тиiстi құжат ұсынылған кезде азаматтар азаматтарды əскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларында айқындалатын тəртіппен әскерге шақыруды кейiнге қалдырудан бас тартуға құқылы және әскери қызметке шақырылуы мүмкін.
10. Осы бапта көзделген әскерге шақыруды кейiнге қалдыру үшін негiздерінің күші жойылған азаматтар осы Заңда белгіленген тәртiппен әскерге шақырылуға жатады.
36-бап. Әскери қызметке және әскери жиындарға шақырудан босату
1. Бейбiт уақытта әскери қызметке шақырудан:
1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған;
2) жиырма жеті жасқа толған, заңды негiздер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылмаған;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе оған бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген;
4) басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткерген;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендер;
5) ғылыми дәрежесi бар азаматтар;
6) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері босатылады.
2. Әскери жиындарға шақырудан:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында қорғанысты, қауiпсiздiк пен құқықтық тәртiпті қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс iстейтiн адамдар;
2) мемлекеттiк, азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық персоналы;
3) ауыл шаруашылығында және ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу ұйымдарында жұмыс iстейтiн адамдар, егіс және егiн жинау жұмыстары кезеңiне;
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) күндiзгi нысанда оқытатын бiлiм беру ұйымдарының педагогтері, оқу жылы кезеңiне;
5) күндiзгi нысанда оқытатын бiлiм беру ұйымдарында оқитындар;
7) әскери мiндеттілер, запасқа шығарылғаннан кейiнгі екi жыл ішінде;
8) он сегiз жасқа дейiнгі үш және одан да көп баласы бар адамдар;
9) оларға қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан немесе сот қылмыстық iсін қарап жатқан адамдар;
2021.24.05. № 42-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді
10) Қазақстан Республикасы Құрылтайының немесе жергіліктi өкілді органдардың депутаттары, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері болып сайланған әскери міндеттілер босатылады.
2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген әскери міндеттілер арнаулы әскери жиындардан өтуден босатылмайды.
4. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтар жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырудан босатылады.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған азаматтарды қоспағанда, əскери қызметке шақырудан босатылуға құқығы бар азаматтар азаматтарды əскерге шақыруды ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларында айқындалатын тəртіппен өздерінің қалауы бойынша əскери қызметке шақырылуы мүмкін.
Осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, əскери жиындарға шақырудан босатылуға құқығы бар азаматтар азаматтарды əскерге шақыруды ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларында жəне əскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидаларында айқындалатын тəртіппен тиісінше өздерінің қалауы бойынша əскери жиындарға шақырылуы мүмкін не əскери міндеттілердің курстық даярлығынан өте алады.
6. Соттылығы бар азаматтар бейбiт уақытта әскери қызметке шақырылуға жатпайды.
7. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген әскерге шақырудан босату үшін негiздерiнің күші жойылған азаматтар осы Заңда белгiленген тәртіппен әскерге шақырылуға жатады.
6-тарау. КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ
37-бап. Әскери қызмет өткеру туралы келiсімшарт
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының азаматы Қарулы Күштердiң, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың уәкілеттi лауазымды адамымен Әскери қызмет өткеру туралы келісiмшарт жасасады.
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт ерiктi түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екi тарап арасында жазбаша жасалады және өз қолданысын:
2) әскери қызметшiнiң мерзiмiнен бұрын босатылуына байланысты;
3) әскери қызметшiнiң әскери қызмет өткеру туралы басқа келiсiмшарт жасасқан күнінен бастап;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда тоқтатады.
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Әскери қызмет өткеру туралы келісiмшартта азаматтың әскери қызметке кiруiнiң ерiктілiгi, азаматтың әскери қызметті өткеруге мiндеттенген мерзiмi және әскери қызметті өткеру туралы келiсiмшарттың басқа да талаптары бекiтіледi.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Әскери қызмет өткеру туралы келiсiмшарттың талаптары азаматтың әскери қызметті өткеру туралы келiсiмшартта белгiленген мерзiм ішінде Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда әскери қызмет өткеру мiндеттiлiгiн қамтиды. Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепiлдiктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, азаматтың өз құқықтары мен өзiнің отбасы мүшелерi құқықтарының сақталу құқығы көзделеді.
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органының қызметкері Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органының әскери лауазымына және керісінше ауыстырылған жағдайда онымен алдыңғы келісімшарттың қалған мерзіміне тең мерзімге әскери қызмет өткеру туралы жаңа келісімшарт жасалады.
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындаған әскери қызметшілер тиiстi лауазымдағы әскери қызметтi әскери қызмет өткеру туралы келісiмшарт жасаспастан өткередi. Осы әскери қызметшілерге келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге қатысты осы Заңның талаптары қолданылады.
Аталған әскери қызметшiлер лауазымнан босатылғаннан кейiн Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртiппен әскери қызмет өткеру туралы жаңа келісiмшарт жасасады немесе әскери қызметтен шығарылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Техникалық жəне кəсіптік, жоғары білімі бар жəне алты ай қызмет өткерген мерзiмдi əскери қызметтегі əскери қызметшілер Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кiруге құқылы.
Ұлан оқудың үшінші курсына ауысқан кезде əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Офицерлік құрамды əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілер əскери қызмет мерзімі өткеннен кейін Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кiруге құқылы.
38-бап. Келiсімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптар
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сай келуге:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға;
2) қажетті жеке, моральдық жəне кəсіби қасиеттерге, білім деңгейіне ие болуға, денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды болуға;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) курсанттарды, кадеттерді қоспағанда, он сегіз жастан кіші болмауға және әскери қызметте болудың шекті жасына толуға:
келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш рет кіретіндер үшін - он екі жыл және алты ай;
келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіретіндер және қатардағы және кіші сержанттық құрамдардың әскери атақтары барлар үшін - он екі жыл және алты ай;
келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіретіндер және кіші офицерлік және аға сержанттық құрамдардың әскери атақтары барлар үшін - он жыл;
келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіретіндер және аға офицерлік немесе жоғары сержанттық құрамның әскери атақтары барлар үшін - бес жыл;
келісімшарт бойынша əскери қызметке қайта кіретіндер жəне кемінде он екі жыл жəне алты ай үздіксіз əскери қызметі, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі барлар үшін - үш жыл қалғанға дейін;
2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара)
4) мыналарды:
әйелдерді;
медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар ерлерді;
кемінде екі жыл əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өткен жас сарбаздарды;
кемінде төрт жыл кезең ішінде əскерге шақыруға дейінгі даярлықтан өткен жас айбындарды;
оқудың бір жылы өткеннен кейін əскери оқу орындарынан, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарының, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның арнаулы оқу орындарынан оқудан шығарып жіберілген адамдарды, ал оқудың екі жылы өткеннен кейін - оқудан шығарып жіберілген ұландарды қоспағанда, мерзімді əскери қызметті өткеруге не əскери кафедрада (əскери факультетте) оқудан немесе əскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери даярлықтан өтеулі негізде өтуге тиіс.