«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-ІV Заңы (2026.06.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

4) осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында және 2-тармағының 1), 2), 5) және 9) тармақшаларында көрсетілген босату резервтегі әскери қызметке кіретін адамға бас тарту үшін негіздер болып табылады.

2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Осы Заңның 8-бабы 1-тармағының 2), 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларының талаптары резервтегі әскери адамға қолданылмайды.

 

40-3-бап. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарттың мерзімі және оны жасасу тәртібі

1. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт үш жылға жасалады.

2. Кандидаттарды іріктеу және олардың резервтегі әскери қызметке кіру тәртібі Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.

 

40-4-бап. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту

1. Резервтегі әскери адамдар резервтегі әскери қызметті өткеру көзделген мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өтеді.

Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар айына күнтізбелік үш күнге дейінгі, бірақ жылына күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде өткізіледі.

Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды өткізіп алған кезде резервтегі әскери адам көрсетілген сабақтарға әскери бөлімнің (мекеменің) командирімен (бастығымен) келісу бойынша басқа бос уақытта баруға міндетті.

Ұзақтығы күнтізбелік отыз күн болатын жауынгерлік даярлық бойынша жиындар осы жиындардың соңғы күндерінде екі демалыс күні беріле отырып, жылына бір рет өткізіледі.

2. Резервтегі әскери адамдар дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындар жарияланған жағдайда, резервтегі әскери қызметті өткеру көзделген мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған мерзімдерде және тәртіппен әскери бөлімге (мекемеге) келуге міндетті.

3. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адамның жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

 

 

7-тарау. ЗАПАСТА ТҰРУ

 

41-бап. Запасқа қою

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Запаста болудың шекті жасына толмаған:

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) әскери немесе құқық қорғау қызметінен немесе азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен шығарылған;

2) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызметтен:

қатардағы және сержанттық құрамдар қатарынан;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен;

теріс себептермен;

қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптарын орындамауға байланысты шығарылған;

3) әскери қызметке шақырудан босатылуына байланысты әскери қызмет өткермеген;

4) жиырма жеті жасқа толғаннан кейін әскерге шақыруды кейінге қалдырудың берілуіне байланысты әскери қызмет өткермеген;

5) әскери-есептік мамандығы бар әйелдер;

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының əскери кафедраларында (əскери факультеттерінде) запастағы офицерлер жəне запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша əскери даярлықтан өткен;

7) Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында өтеулі негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша оқудан өткен адамдар запасқа алынды деп есептеледі.

2. Запаста тұратын адамдар әскери қызметке жарамдылығын айқындау үшін Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландырудан өтедi.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мерзiмдi əскери қызметке шақырудан босатылған жəне жиырма жеті жасқа толуына байланысты əскерге шақыруды кейінге қалдырудың берілуімен əскери қызмет өткермеген адамдарды, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша өтеулі негізде оқудан өткен азаматтарды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi əскери басқару органдары запастағы «қатардағы жауынгер» («матрос») əскери атағын бере отырып, запасқа алады.

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Запасқа қойған кезде адамдардың әскери-есептік мамандығын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi әскери басқару органдары əскери міндеттілер мен əскерге шақырылушыларды əскери есепке алу қағидаларына сəйкес айқындайды.

5. Ұлттық қауіпсiздiк органдары және сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган үшін әскери міндеттілердiң запасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалады.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды

5-1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерлер өздерінің арнаулы атағына тең запастағы əскери атақ беріле отырып, запасқа алынып, жергiлiктi əскери басқару органдарына есепке алуға жіберіледі.

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Запаста болу əскери жиындардан (əскери міндеттілердің курстық даярлығынан) өтуді, əскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларын орындауды жəне əскери есепке алу бойынша міндеттерді сақтауды білдіреді.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары əскери қызметшілерінің қолданыстағы резервте болуы барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындау кезінде əскери қызмет өткеруді қамтиды. Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары əскери қызметшілерінің қолданыстағы резервте болу тəртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Запасқа қойылған әскери міндеттілер әскери жиындардан (əскери міндеттілердің курстық даярлығынан) өткен немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген жағдайда олар резервке қойылған әскери міндеттілер санатына ауыстырылады.

 

42-бап. Запаста тұрудың шектi жасы

1. Әскери міндеттілердің запаста тұруының шектi жасы мынадай болады:

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) қатардағы және сержанттық құрамдар - елу жасты қоса алғанда;

2) офицерлер құрамы үшін - алпыс жасты қоса алғанда.

2. Әскери мiндетті әйелдердің запаста тұруының шектi жасы мынадай болады:

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) қатардағы және сержанттық құрамдар үшiн - отыз бес жасты қоса алғанда;

2) офицерлер құрамының адамдары үшiн - қырық бес жасты қоса алғанда.

3. Запаста тұрудың шектi жасына толған әскери мiндеттілер немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдар әскери есептен шығарыла отырып, отставкаға ауыстырылады.

4. Соғыс уақытында Қазақстан Республикасының Президентi запаста тұрудың шекті жасын бес жылға дейін ұзартуы мүмкін.

 

43-бап. Әскери жиындардан өту

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Әскери міндеттілер оқу-жаттығу, тексеру және арнайы әскери жиындарға шақырылады немесе өтеулі негізде курстық даярлықтан өтеді.

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Ұзақтығы екі айға дейінгі оқу-жаттығу жиындарына әскери міндеттілер бес жылда бір рет шақырылады.

Əскери міндеттілердің курстық даярлық бағдарламасы бойынша толық курстан өтуі əскери оқу-жаттығу жиындарынан өтумен теңестіріледі.

3. Әскери міндеттілер оқу-жаттығу жиындары арасындағы кезеңде он бес күнге дейінгі мерзімге тексеру жиындарына тартылуы мүмкін.

4. Запаста тұру уақытындағы жиындардың жалпы мерзімі әскери міндеттілер үшін он сегіз айдан аспауға тиіс. Бұл ретте оқу-жаттығу жиындарында болудың жалпы мерзіміне тексеру жиындарында болған уақыт та есептеледі.

2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Арнаулы әскери жиындар ұзақтығы үш айға дейін жүргізіледі.

2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Əскери жиындар кезеңінде əскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады, оларға бюджет қаражаты есебінен орташа, бірақ республика бойынша орташа жалақыдан жоғары емес жалақы, ал жұмыс істемейтіндерге ең төмен жалақы төленеді.

 Әскери міндеттінің дәлелсіз себептермен жиындар орналасқан жерден тыс болған уақыты әскери жиындардан өту мерзіміне есептелмейді.

 

 

8-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

 

44-бап. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 323-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Əскери жиындар кезеңіндегі əскери міндеттілерді және резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.

Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, əскери оқу əскери, арнаулы оқу орындарының кадеттері мен курсанттарын қоспағанда, əскери қызметшілердің ақшалай ризығы ақшалай жабдықталымды (лауазымдық айлықақыны жəне əскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да үстемеақылар мен қосымша ақыларды қамтиды.

Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілердің, əскери оқу əскери, арнаулы оқу орындарының кадеттері мен курсанттарының ақшалай ризығы (стипендиясы) лауазымдық айлықақыны ғана қамтиды.

Лауазымдық айлықақыны есептеу үшін қызмет өтіліне:

1) еңбек сіңірген жылдары;

2) мемлекеттік қызметте болу уақыты;

3) əскери қызметке кірер алдында соңғы мемлекеттік ұйымда басшылық лауазымдардағы немесе сəйкес мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс уақыты кіреді.

Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін əскери қызметшілердің лауазымдық айлық ақыларымен əскери атақтары бойынша айлық ақыларының мөлшері тиісті лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақыларының мөлшерінен жəне тиісті арнаулы атақтар мен сыныптық шендерге қосымша ақылар мөлшерінен төмендетілмей белгіленеді.

Әскери қызметшілерге ақшалай ризық:

1) дәлелсіз себептермен әскери қызметте болмаған кезеңге;

2) осы Заңның 21-бабы 5-тармағының 3), 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда әскери емес лауазымдарда әскери қызмет өткерген кезеңге;

3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 158-бабының бірінші бөлігіне сәйкес лауазымынан уақытша шеттетілген кезеңге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда төленбейді.

Осы Заңның 21-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қарамағында болатын әскери қызметші тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерімен қамтамасыз етіледі.

Ақшалай ризықты, жəрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу тəртібін уəкілетті органдар белгілейді.

2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Резервтегі әскери адамдар жауынгерлік даярлық бойынша жиындардан немесе дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту кезеңін қоспағанда, ай сайын бюджет қаражаты есебінен ең төмен жалақы мөлшерінде ақшалай төлем алады.

Резервтегі әскери адамдарға жауынгерлік даярлық бойынша жиындарды немесе дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарды өткізу кезеңінде бюджет қаражаты есебінен:

жұмыс істейтін адамдарға - жұмыс орны бойынша орташа айлық жалақы;

жұмыссыз адамдарға - ең төмен жалақы төленеді.

Резервтегі әскери адамдарға өзге төлемдер, үстемеақылар, қосымша ақылар көзделмейді.

2-тармақ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2. Әскери қызметшілерге жарылу қаупі бар заттарды және өзге де жарылғыш құрылғыларды іздеу, тасымалдау, залалсыздандыру және жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындаған кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тәулігіне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

3. Радиоактивті материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін, аса жоғары жиілікті және (немесе) зымыран отынының құрамдастарын пайдаланумен, сақтаумен байланысты лауазымдарда қызмет өткеретін, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарға және объектілерде радиоактивті материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін, аса жоғары жиілікті және (немесе) зымыран отынының құрамдастарын пайдаланумен, сақтаумен байланысты авария салдарларын жою жөніндегі жұмыстарға уақытша тартылатын әскери қызметшілерге нақты жұмыс істеген уақытына тепе-тең ұзақтығы жылына он екі тәулікке дейін қосымша демалыс беріледі.

4-тармақ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және бөлімдерінде тұратындарды қоспағанда, коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды төлеу үшін уәкілетті органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Әскери қызметшілерді әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда, бөлімшелерде) медициналық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-1-тармақ өзгертілді

5-1. Әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеру орнында немесе тұрғылықты жерінде әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша әскери қызметшілерге медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:

1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.

Әскери қызметшілерге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмекті көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Медициналық көрсетілімдер болған кезде әскери қызметшіге құрылымында өздері әскери қызмет өткеретін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаражаты есебінен санаторийлік-курорттық емдеу ұсынылады.

Резервтегі әскери адамдар жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан не дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындардан өту кезеңінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін көзделген бюджет қаражаты есебінен медициналық қамтамасыз етуді толық көлемде алады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Әскери қызметшілер бюджет қаражаты есебінен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша және уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі:

7-тармақ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Әскери қызметшілер бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының бірінші басшылары белгілейтін нормалар бойынша мынадай жағдайларда:

1) жауынгерлік кезекшілікті атқарған кезде;

2) қарауылдағы қызметті атқарған кезде;

3) тәуліктік нарядты атқарған кезде;

4) далалық шығуларға (теңізге шығуларға) қатысқан кезде;

5) орналасқан орындарда дауылға қарсы әзірлік кезіндегі іс-шараларды жүзеге асырған кезде;

6) маяктарда вахтада тұрған кезде;

7) суасты міндеттерін (жұмыстарын) орындаған кезде;

8) парашютпен секірген кезде;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) күзету бойынша əскери эшелон, қарауыл құрамында барған жəне əскери жүкпен қабылдау орнына дейін жəне кері қайтқанда ілесіп жүрген кезде;

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде стационарлық емделуде (медициналық куәландыруда) болған кезде;

2015.15.06. № 321-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) гауптвахтаға жапқан кезде;

2015.15.06. № 321-V ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды; 2026.24.06. № 323-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) бітімгершілік операцияға қатысқан кезде, сондай-ақ бітімгершілік операция жүргізу аймағына (ауданына) бару және кері қайту кезінде;

2026.24.06. № 323-VIII ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

13) казармалық жағдайда болу және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысу кезінде тамақтанумен қамтамасыз етіледі.

Ұшқыштар құрамының әскери қызметшілері әскери қызмет өткеру уақытында тамақтанумен қамтамасыз етіледі.

Авиациялық техникаға қызмет көрсетуге және ұшуларды қамтамасыз етуге рұқсат етілген инженерлік-техникалық құрам ұшуларды дайындау және орындау кезеңінде тамақтанумен қамтамасыз етіледі.

Негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін əскери қызметшілерге уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен жалпы əскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төленеді.

Əскери-оқу практикасы кезеңінде əскери кафедралардың (əскери факультеттердің) өтеусіз негізде білім алып жатқан студенттері, əскери оқу орындарына түсу кезінде əскерге шақырылушылар, сондай-ақ оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін келген жəне əскери колледждерде казармалық жағдайда тұратын кандидаттар бюджет қаражаты есебінен тиісті нормалар бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. Əскери-оқу практикасы кезеңінде əскери кафедралардың (əскери факультеттердің) өтеулі негізде білім алып жатқан студенттері өз жанында тиісті əскери кафедралар (əскери факультеттер) жұмыс істейтін жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының есебінен тиісті нормалар бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.

Тамақтандыруды ұйымдастыру тəртібін уəкілетті органның басшысы айқындайды.

44-баптың 7-тармағының жетінші бөлігі 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

Ұдайы жауынгерлік əзірліктегі əскери бөлімдерде взвод (топ, есептоп) жəне рота (батарея, жеке взвод, 4-дəрежелі корабль) бөлімшелеріндегі офицерлік құрам лауазымдарындағы, сондай-ақ қатардағы жəне сержанттық құрамдар лауазымдарындағы Қарулы Күштердің əскери қызметшілері қызмет уақытының регламентінде белгіленген жұмыс күндері бюджет қаражаты есебінен тамақтандырумен (түскі аспен) қамтамасыз етіледі. Әскери бөлімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.

Резервтегі әскери адамдар:

1) жауынгерлік даярлық бойынша жиындардан немесе дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту кезінде тамақтандырумен;

2) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда болған кезеңде түскі аспен қамтамасыз етіледі.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді

8. Уəкілетті орган айқындаған тəртіппен əскери қызметшілердің:

1) əскери қызметке, əскери жиындарға шақырылған;

2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) басқа жергілікті жерге, оның ішінде əскери бөлімнің (мекеменің) немесе бөлімшенің құрамында жаңа қызмет орнына ауысқан;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) уəкілетті орган жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери, арнаулы оқу орындарына, басқа да білім беру ұйымдарына, оның ішінде шетелдік оқу орындарына оқуға жіберген, сондай-ақ үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, басқа да теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, оқу бітіргеннен кейін;

4) əскери-медициналық бөлімшелер Қазақстан Республикасының шегінде стационарлық емдеу орнына, оның ішінде əскери-дəрігерлік (ұшу) комиссиядан өту үшін жіберген жəне кері қайтқан;

5) қызметтік іссапармен жол жүрген жəне кері қайтқан;

6) оқу-жаттығуларға, далалық шығуға (теңізге шығуға), əскерлер парадтарына жол жүрген жəне кері қайтқан;

7) төтенше жағдайларды жоюға қатысқан жəне кері қайтқан;

8) ұрыс қимылдарына, төтенше немесе соғыс жағдайларында, сондай-ақ қарулы қақтығыстар жағдайларында міндеттерді орындауға қатысқан;

9) бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бітімгершілік операцияларға қатысқан;

10) терроризмге қарсы операцияларға қатысқан;

11) əскери жүктерді, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерден тұратын құжаттарды, бұйымдарды жəне əскери жүктерді күзету жəне ілесіп жүру бойынша қарауыл құрамында қабылдау (тапсыру) орындарына дейін барған жəне кері қайтқан;

12) мыналармен:

əскери шақырылғандар, əскери міндеттілер бар командалармен;

қамаққа алынған, ұсталған əскери қызметшілермен, əскери міндеттілермен;

қаза тапқан (қайтыс болған) əскери қызметшінің мəйіті салынған табытпен жерлеу орнына дейін ілесіп жүрген жəне кері қайтқан жағдайларда, теміржол, автомобиль жəне ішкі су көлігімен бюджет қаражаты есебінен жол жүруге құқығы бар.

Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің уәкілетті органның басшысы айқындайтын тəртіппен әуе көлігімен бюджет қаражаты есебінен жол жүруге құқығы бар.

Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, әскери қызметшілерге басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша уәкілетті органның басшысы айқындайтын тəртіппен автомобиль жолының әрбір 20 километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен төленеді.