Қазақстан РеспубликасыНЫҢ Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорын құру туралы
(2007.07.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 11 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабын орындау үшін қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры (бұдан әрі - Қор) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қордың Жарғысы бекітілсін.
3. Мыналар:
1) Қор әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін коммерциялық емес ұйым болып табылады;
2) Қордың ақша қаражатын қалыптастыру көздері заңдарға қайшы келмейтін жарналар мен түсімдер болып табылады деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қордың 2001 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.