«Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 230 Қаулысы (күші жойылды)

Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 230 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 661 Қаулысымен күші жойылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 28) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 17 ақпандағы

№ 230 қаулысымен

бекітілген

 

 

Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми

қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау кағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындарының штаттық кестесінде көзделген жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін (бұдан әрі - штаттағы лауазымдар) лауазымдарға конкурстық тағайындау тәртібін айқындайды.

2. Профессор-оқытушылар құрамының лауазымдарына кафедра меңгерушісі, профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы (ассистент) жатады.

3. Профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына тағайындау конкурсына тиісті бейіндері бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар тұлғалар жіберіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.