Орта мерзімді кезеңге (2012 - 2014 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 наурыздағы № 289 Қаулысы
(2012.21.09. берілген толықтырулармен)
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған орта мерзімді кезеңге (2012 - 2014 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.