Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандарды тамақпен, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 297 Қаулысы
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 22-5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандардың тамақтану нормалары;
2) арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандарды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 7 наурыздағы
№ 297 қаулысымен
бекітілген
Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке
толмағандардың тамақтану нормалары
Атауы | Кәмелетке толмаған бір адамға арналған норма (күніне граммен) |
1 | 2 |
Қара бидай наны | 150 |
Бидай наны | 200 |
Бидай ұны | 35 |
Картоп ұны | 3 |
Жарма, бұршақ, макарон өнімдері | 75 |
Картоп | 400 |
Көкөністер және басқа да түрлі дәмдеуіш шөптер | 470 |
Жаңа піскен жемістер | 250 |
Кептірілген жемістер | 15 |
Шырындар | 200 |
Кондитерлік бұйымдар | 25 |
Қант | 70 |
Сары май | 50 |
Өсімдік майы | 18 |
Жұмыртқа (дана) | 1 |
Сүт, ашытылған сүт өнімдері | 500 |
Сүзбе | 70 |
Ет | 100 |
Құс еті | 30 |
Балық және майшабақ | 110 |
Шұжық өнімдері | 25 |
Қаймақ | 10 |
Ірімшік | 12 |
Шай | 0,2 |
Кофе | 4 |
Какао | 2 |
Тұз | 8 |
Дәмдеуіштер | 2 |
Ашытқы | 1 |
Ескертпе:
1. Жазғы сауықтыру кезеңінде (90 күнге дейін) жексенбі, мереке күндері, каникул күндері тамақтандыруға арналған шығыстардың нормасы 10 пайызға ұлғайтылады.