«Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы № 345 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 316 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы № 345 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 15, 186-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 316 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 19 наурыздағы
№ 345 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі
кеңесінің құрамы
Кеңес мүшелері:
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі