«2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 наурыздағы № 6-V Заңы

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
«2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 20, 152-құжат; 2012 жылғы 14 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. 2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 5 112 412 323 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 3 365 696 627 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 230 560 870 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 19 590 311 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 1 496 564 515 мың теңге;

2) шығындар - 5 474 618 196 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру - 54 000 757 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 177 999 247 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 123 998 490 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 363 627 077 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 364 137 077 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 510 000 мың теңге;

5) тапшылық - -779 833 707 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 2,5 пайызы;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 779 833 707 мың теңге.»;

2) 7-баптың бірінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау және лицензиялау мәселелері жөніндегі өкілеттіктерін - 756 683 мың теңге;»;

3) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«8-бап. 2012 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 1 380 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.»;

4) 13-бапта:

мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

«14-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыруға және жүргізуге;»;

16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«16) облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендер көшелерін күрделі және орташа жөндеуге;»;

мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

«17-1) моноқалаларды жайластыру мәселелерін шешуге;»;

5) 18 және 19-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«18-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылға арналған резерві 86 931 317 мың теңге сомасында бекітілсін.

19-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі шығындарының құрамында мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға 11 639 691 мың теңге сомасында, оның ішінде республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібімен шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен қаражатты көрсете отырып, 6 690 311 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.»;

6) көрсетілген Заңға 1 және 4-қосымшалар осы Заңға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2012 жылғы наурыздың 16-ы.

№ 6-V

 

«2012 - 2014 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының

Заңына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының

2012 жылғы 16 наурыздағы

№ 6-V Заңына

1-ҚОСЫМША

 

«2012 - 2014 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының

2011 жылғы 24 қарашадағы

№ 496-ІV Заңына

1-ҚОСЫМША

 

 

2012 жылға арналған республикалық бюджет