Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1512 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 113-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1512 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 113-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абрис - кеспеағашты бөлу және бағалау (таксациялау) барысында жасалатын кеспеағаштың далалық сызбасы;
2) мөлшерлеп бөлу - көршілес орман қоры учаскелерінен мөлшерлеу сипаттамасы бойынша ерекшеленетін орман қорының бастапқы есеп бірлігі;
3) бұтақ қоры - қалыңдығы 3 сантиметр және одан да қалың дің бұталар қоры;
4) кәделік сүрек - қабықсыз дөңгелек ағаш материалдары. Кәделік сүрекке мына шарттарға сай келетін ағаш діңінің қиындылары жатады:
қабықсыз жоғарғы кесігінің диаметрі кемінде 3 сантиметр;