«Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2040 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 наурыздағы № 337 Қаулысы
ҚР Yкiметiнiң 2017 жылғы 9 маусымдағы № 357 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2040 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 16 наурыздағы
№ 337 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 2040 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
| Ахметов Серік Нығметұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға |
| Исекешев Әсет Өрентайұлы
| - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төрағаның орынбасары |
| Шәріпов Мәжит Бейсембайұлы
| - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры, хатшы |
| Мизанбаев Өсер Елеусізұлы
| - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
| Сартаев Исатай Бақтиярұлы
| - Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары (келісім бойынша) |