Мемлекеттік өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 Қаулысы
(2011.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 16 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) мемлекеттік өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының тізбесі;
2) мемлекеттік өрттен қорғайтын мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбесі бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Аса маңызды объектілерді өрттен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметі оны ұстауға көзделіп бекітілген штат санының лимиті мен қаражаты шегінде қорғайды деп белгіленсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының