«Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 146 бұйрығы (күші жойылды)

«Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 146 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5494 тіркелген, 2009 жылғы 20 наурыздағы № 42 (1639) «Заң газетінде» жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«2. Салық қызметі органдары, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша салықтық тексерудің басталған күніндегі жағдай бойынша валюталық түсімнің түсуі жөніндегі қорытындыны беру туралы сұрау салуларды салықтық тексеру басталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына немесе келісімшарттың есепке алу нөмірін беру немесе олар бойынша экспорт жөніндегі келісімшарттарға есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорттары ресімделген келісімшарттарға қатысты есепке алу нөмірін беру немесе мәміле паспорттарын ресімдеу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге;

Қазақстан Республикасында филиалдар мен өкілдіктер арқылы қызметтерін жүзеге асыратын резидент еместерге қатысты филиалдың немесе әкілдіктің банк шоттарын ашу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.