«Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысынын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығы (2014.19.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысынын және оны беру тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығы

(2014.19.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Қаржы министрінің 2014.19.12. № 574 бұйрығымен кірспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 635-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес валюталық түсiм түсуі туралы шешімнің нысаны бекітілсін.

ҚР Қаржы министрінің 2012.12.03. № 146 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2013.26.02. № 107 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Салық қызметі органдары валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны қалыптастыру күніндегі жағдай бойынша осындай қорытындыны беру туралы сұрау салуларды салықтық тексеру басталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде:

келісімшарттың есепке алу нөмірін беру немесе олар бойынша экспорт жөніндегі келісімшарттарға есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорттары ресімделген келісімшарттарға қатысты мәміле паспорттарын ресімдеу орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына немесе екінші деңгейдегі банктерге;

Қазақстан Республикасында филиалдар мен өкілдіктер арқылы қызметтерін жүзеге асыратын резидент еместерге қатысты филиалдың немесе өкілдіктің банктік шотын ашу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге жібереді.

Сұрау салуды жіберу кезінде: салық төлеушінің атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), келісімшарттың нөмірі және күні, сұрау салынған кезең, нұсқаманы тіркеу нөмірі және күні көрсетіледі. Экспорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорты ресімделген келісімшарттарға қатысты сұрау салуда сондай-ақ келісімшарттың есепке алу нөмірі және оның берілген күні немесе мәміле паспорттарының нөмірі және күні көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.