(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2008.30.12 № 629 БҰЙРЫҒЫ

Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысынын және оны беру тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығы

(2013.26.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 635-бабының 4-тармағына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес валюталық түсiм түсуі туралы шешімнің нысаны бекітілсін.

ҚР Қаржы министрінің 2012.12.03. № 146 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2013.26.02. № 107 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Салық қызметі органдары валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны қалыптастыру күніндегі жағдай бойынша осындай қорытындыны беру туралы сұрау салуларды салықтық тексеру басталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде:

келісімшарттың есепке алу нөмірін беру немесе олар бойынша экспорт жөніндегі келісімшарттарға есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорттары ресімделген келісімшарттарға қатысты мәміле паспорттарын ресімдеу орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына немесе екінші деңгейдегі банктерге;

Қазақстан Республикасында филиалдар мен өкілдіктер арқылы қызметтерін жүзеге асыратын резидент еместерге қатысты филиалдың немесе өкілдіктің банктік шотын ашу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге жібереді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.