(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2010.06.12 № 1116 ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы

 

Осы редакция 2012 жылғы 13 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Елдің одан әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономиканың орнықтылығын қамтамасыз ету және сыртқы ықтимал қолайсыз әсерлерден қорғау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Кеңес туралы ереже;

2) Кеңестің құрамы бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдансын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 6-ы.

 

№ 1116

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2010 жылғы 6 желтоқсандағы

№ 1116 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы басқаратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

 

 

2. Кеңестің міндеттері мен функциялары

 

4. Кеңестің негізгі міндеті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын (бұдан әрі - Қор) басқару мәселелері бойынша ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.

5. Кеңестің функциялары:

1) Қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін көтеру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

2) Қордың даму стратегиясын мақұлдау;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.