Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 381 Қаулысы
(2015.25.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 621 Қаулысымен күші жойылды
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 137-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидалары және оның мөлшері бекітілсін.
2. «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатын төлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы № 306 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 13, 167-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.