Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметiнің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 Қаулысы
(2011.31.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 26) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес құрамда Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтілсiн.
3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң кейбір шешімдерінің күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.