Жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 40-ө бұйрығы
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 717 бұйрығымен күші жойылды
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 24 ақпандағы № 40-ө
бұйрығымен бекітілген
Жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес және полихлордифенилдердің (бұдан әрі - ПХД) қоршаған ортаға түсуін және онда таралуын алдын алу мақсатында «Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 маусымдағы № 259 Заңымен «Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 ақпандағы № 389-II Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Стокгольм конвенциясы бойынша жойылуы қиын органикалық ластауыштар (бұдан әрі - ЖҚОЛ) 22 затты қамтиды: альдрин; дильдрин; эндрин; гептахлор; ДДТ; мирекс; токсафен; хлордан; гексахлорбензол; ПХД; ПХДД; ПХДФ; альфа-гексахлорциклогексан; тетра- және пента-бромдифенилді эфирлер; гекса- және гептабромдифенилді эфирлер; хлордекон; гексабромдифенил; линдан; перфтороктанды сульфон қышқылы және оның тұздары; альфа және бета-гексахлорциклогексан; пентахлорбензол; эндосульфан.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.