«Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 сәуірдегі № 428 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.