Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламарын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 58 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 139 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 44-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламарын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидалары бекітілсін.
2. «Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламарын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 10 сәуірдегі № 240 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1539 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл № 30, 480-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.