«Отбасылық үлгідегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйлерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 18 шілдедегі № 583 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 121 бұйрығы

«Отбасылық үлгідегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйлерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 18 шілдедегі № 583 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 121 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Отбасылық үлгідегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйлерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 18 шілдедегі № 583 бұйрығына (бұдан әрі - бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1629 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»

бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Отбасылық үлгідегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйлерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық кесімдер:

1) Балалар ауылының әкімшілігі туралы ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) Тәрбиеші аналардың біліктілік санаттары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3) Балалар ауылындағы отбасында балаларды күтіп-бағуды және тәрбиелеуді жүзеге асыатын тәрбиеші аналарды конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

4) Балаларды балалар ауылының отбасына беру туралы үлгі шарт осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.