Отбасылық үлгідегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйлерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 18 шілдедегі № 583 бұйрығы
(2026.18.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026.01.10. № 287-НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 18 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.27.03. № 121 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.31.03. № 54 бұйрығымен (2025 ж. 14 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.27.03. № 121 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026.01.10. № 287-НҚ бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 18 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Отбасылық үлгiдегi балалар ауылы мен жасөспiрiмдер үйлерiнiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актілер:
1) Балалар ауылының әкімшілігі туралы ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Тәрбиеші аналардың біліктілік санаттары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) Балалар ауылындағы отбасында балаларды күтіп-бағуды және тәрбиелеуді жүзеге асыатын тәрбиеші аналарды конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) Балаларды балалар ауылының отбасына беру туралы үлгі шарт осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) Балалар ауылы, балалар үйі және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат пен тәрбиеленуші (бітіруші) арасында жасалған Жасөспірімдер үйінде күтіп-бағу туралы үлгі шарт осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.