(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2006.25.07 № 65 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы  25 шілдедегі № 65 Қаулысы

(2011.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Өзгеріс енгізу туралы ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 102 бұйрығын қара

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М. Сартбаевқа жүктелсін.

 

 

 

«Келісілген»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

08.06.2006 ж.

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2006 жылғы 25 шілдедегі

№ 65 қаулысына қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.