«Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығы (2025.19.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығы

(2025.19.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.07.08. № 248 бұйрығымен (2023 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.04. № 98 бұйрығымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

1) Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

4) Орындаушылардың республикалық конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

5) Кәсіби шеберліктің республикалық конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес.

2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева):

1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.