Инспекциялаудың нәтижесі бойынша анықтаманың және анықталған ақаулардың сипаттамасымен объектілер ведомосінің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 5 наурыздағы № 78 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 354 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 33-бабының 5-1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инспекциялау нәтижелері бойынша анықтаманың;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықталған ақаулардың сипаттамасымен объектілер ведомосінің нысаны бекітілсін.
2. «Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органымен берілетін нұсқаманың үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2006 жылғы 2 тамыздағы № 299 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 4331 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаменті (Ғ.Р. Әбдірайымов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.