Инспекциялау нәтижелері бойынша анықтаманың және анықталған ақаулардың сипаттамасы бар объектілер ведомосінің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 354 бұйрығы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 653 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-1-тармағына және 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЬІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инспекциялау нәтижелері бойынша анықтаманың;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықталған ақаулардың сипаттамасы бар объектілер ведомосінің нысандары бекітілсін.
2. «Инспекциялаудың нәтижесі бойынша анықтаманың және анықталған ақаулардың сипаттамасымен объектілер ведомосінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 5 наурыздағы № 78 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 7522 болып тіркелген, 2012 жылғы 8 мамырдағы № 65 (2073) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;