«Инспекциялау нәтижелері бойынша анықтаманың және анықталған ақаулардың сипаттамасы бар объектілер ведомосінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 354 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 653 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Инспекциялау нәтижелері бойынша анықтаманың және анықталған ақаулардың сипаттамасы бар объектілер ведомосінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 354 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14176 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.