(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ...ТӨРАҒАСЫНЫҢ 2009.26.02...

Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы № 67-НҚ Бұйрығы

 

Осы редакция 2012 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Магистралдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 11 тамызда № 2997 нөмірімен тіркелген, «Ресми газеттің» 2004 жылғы 18 қыркүйектегі № 38 (195) нөмірінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 304-НҚ бұйрығына:

кіріспедегі «Табиғи монополиялар» деген сөздерден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистралдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа:

1-тармақтағы «Табиғи монополиялар» деген сөздерден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақтың он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.