2. Салықтық өтініш қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару үшін салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органына тіркеу карточкасын қоса бере отырып, осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағында белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған немесе тіркеу карточкасында көрсетілген салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің жалпы санын есепке алудан шығарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.
3. Салық органының шешімі негізінде жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығаруды мынадай жағдайларда:
1) лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензиясының қолданысы тоқтатылған;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы Кодекстің 574-бабының 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің жалға алу келісімінің қолданысы тоқтатылған;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша болмаған;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші акциз бойынша декларацияны және (немесе) есеп айырысуды, осы Кодексте оларды табыс етудің белгіленген мерзімінен кейін алты ай мерзім ішінде табыс етпеген жағдайларда жүргізіледі.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысанда салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайлар болған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
5. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылған салық төлеушілер туралы ақпарат тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылуға тиіс.
§ 6. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді
орналасқан жері бойынша тіркеу есебі
577-бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою
1. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды, егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 583-бабына сәйкес салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде салық төлеушінің мүлік салығын, көлік құралы салығын, жер салығын, бірыңғай жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін қамтамасыз ету үшін жүргізеді.
2. Меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлік басқару құқығында салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар, салық органында олар жөнінде мәліметтер жоқ жеке тұлғалар салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш тапсыруға құқылы.
Осы Кодекстің 405-бабына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын аяқталмаған құрылыс объектісі бойынша жеке тұлға салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш тапсыруға міндетті.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Меншiк, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану, уақытша өтеулi жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлiк басқару құқығында салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға байланысты объектiсi бар дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар мұндай құқықтар туындаған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi беруге мiндеттi.
Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларды осы Кодекстiң 374-бабының 2-тармағына сәйкес жер салығын төлеушi деп таныған жағдайда мұндай төлеушiлер салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына жер учаскесiн иелену мен пайдаланудың нақты құқығының туындауы негiзiнде құқық белгiлеу құжаттарының күшiне енген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi беруге мiндеттi.
Осы тармақтың ережелері, салық салу объектілеріне және салық салумен байланысты объектілерге құқықтар туындаған жағдайда дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға, егер мұндай дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар бойынша тіркеу есебіне қою осы баптың 1 немесе 3-тармақтарына сәйкес мұндай құқықтар туындаған күннен бастап жүргізілсе, қолданылмайды.
4. Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою үшін табыс етілген осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтінішке құқық белгілейтін сәйкестендіру немесе салық салу объектісінің иелігін не оны пайдаланылуын растайтын және (немесе) салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіге билік ететін өзге де құжаттардың нотариат куаландырған көшірмесі қоса беріледі.
5. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
578-бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару
1. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша туындаған салық міндеттемесі орындалатын болса, мынадай жағдайларда:
1) салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқықтарының тоқтатылуы - егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде;
2) салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні уақытша сенімгерлік басқару құқығының тоқтатылуы - салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізеді.
2. Салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, сенімгерлік басқару құқығы тоқтаған жеке тұлға салық органында аталған мәліметтер жоқ болған жағдайда салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініш беруге құқылы.
3. Салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, шаруашылық жүргізу, сенімгерлік немесе жедел басқару, концессия келісімшарты бойынша құқығы тоқтаған заңды тұлға, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, объектіге құқығы тоқтаған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде объектінің орналасқан жері бойынша салық органына салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініш беруге міндетті.
4. Салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару үшін ұсынылған салықтық өтінішке салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығы тоқтағанын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері қоса беріледі.
5. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) салық төлеушінің салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
§ 7. Әрекетсіз салық төлеуші және тарату сатысында тұрған салық төлеуші
579-бап. Әрекетсіз салық төлеуші
1. Әрекетсіз салық төлеушілерге әрекетсіз заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жатады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодексте белгіленген тапсыру мерзімдерінен кейін бір жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы бойынша, ойын бизнесінің салығы бойынша, тіркелген салық және жеңілдетілген декларация бойынша декларацияны тапсырмаған, көрсетілген декларацияны тапсыру бойынша талаптар қолданылмайтын салық төлеушілерді қоспағанда, резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі әрекетсіз заңды тұлға болып танылады.
3. Осы Кодексте белгіленген тапсыру мерзімдерінен кейін бір жыл өткен соң жеке табыс салығы бойынша, ойын бизнесінің салығы бойынша, тіркелген салық және жеңілдетілген декларация бойынша декларация немесе соңғы патенттің қолданыс мерзімі аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде патент құнының есебін тапсырмаған дара кәсіпкер әрекетсіз дара кәсіпкер болып танылады.
4. Осы баптың 2, 3-тармақтарының қолданысы қызметін уақытша тоқтата тұру кезеңіне тоқтата тұрған резидент заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері мен дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.
5. Салық органдары әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің тізімін жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей бекітеді және ақпаратты уәкілетті органның сайтына орналастырады.
6. Салық төлеушіні әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару:
1) салық төлеуші салық есептілігін табыс ету бойынша салықтық міндеттемесін орындағаннан;
2) салық төлеушіге салық есептілігін осы Кодексте белгіленген мерзімде табыс етпегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылған айыппұлдар төленгеннен кейін жүргізіледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
7. Осы баптың 6-тармағында көзделген шарттар сақталған соң бес жұмыс күнi iшiнде қабылданған салық органының тиісті бұйрығының күні салық төлеушілерді әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару күні болып табылады.
Салық төлеушілері әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару туралы ақпарат, шығару күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.
580-бап. Тарату сатысында тұрған салық төлеуші
1. Таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге өтініш берген тұлға тарату сатысында тұрған салық төлеуші болып танылады.
Тарату сатысында тұрған салық төлеуші туралы ақпарат таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге өтініш тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.
2. Салық органдары тұлғаны тарату сатысында тұрған салық төлеушілер тізімінен шығаруды:
1) Заңды тұлғалар мемлекеттік тіркелімнен шығарылған жағдайда - бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда - тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
3) салық төлеуші қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда - қызметін қайта бастау туралы салық органын хабардар еткен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
§ 8. Салық төлеушіні тіркеу және оны тіркеу есебіне алу кезінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, уәкілетті органдардың міндеттері
581-бап. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың міндеттері
Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін, сақтауға арналған банк шоттарын, резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтағы жоқ адамдардың сақтандыру шоттары және (немесе) шет ел корреспонденттік банктерінің корреспонденттік шоттарынан басқа резидент еместі қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, шетелдік және азаматтығы жоқ адамға, кәсіпкерлік, жеке нотариаттық, адвокаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті; жүзеге асыратын жеке тұлғаға банк шоттарын ашу кезінде, уәкілетті органды хабарлардың кепілдік беріліп жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, аталған шоттардың ашылғандығы туралы олардың ашылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
Техникалық проблемалар салдарынан ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы аталған шоттардың ашылғандығы туралы хабардар ете алмаған кезде, хабарлама қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;
2) резидент еместердің жинақ шоттарынан және (немесе) шет ел банктерінің корреспонденттік шоттарынан басқа, оның негізінде банк қолма-қол ақша қабылдау және беру жүргізілетін векселдер мен төлем құжаттарын қоспағанда, төлем құжаттарында сәйкестендіру нөмірі жоқ банк шоттары бойынша операциялар жүргізбеуге;
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 47-бабына сәйкес 581-баптың 3) тармақшасының қолданылуы 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуге, міндетті зейнетақы жарналары аударымдарының төлем құжаттарын қабылдау кезінде сәйкестендіру нөмірлерінің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережелеріне және уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес дұрыс көрсетілуін бақылауға;
Осы тармақша ережесі осы Кодекстің 55-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді шетелдік және азаматтығы жоқ адам төлеген кезде қолданылмайды;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің банк шоттарын жабу кезінде хабарлардың кепілдік беріліп жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, олардың жабылғандығы туралы уәкілетті органды олардың жабылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
Техникалық проблемалар салдарынан ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы аталған шоттардың жабылғандығы туралы хабардар ете алмаған кезде, хабарлама қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақыны тоқтата тұру арқылы заңды тұлғаға немесе дара кәсiпкерге мұндай сыйақы түріндегі кiрiстердi тануды тоқтату кезiнде, бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нысанда мұндай тану тоқтатылған осы Кодекстiң 148-бабында айқындалатын есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей уәкiлеттi органды хабардар етуге;
Осы тармақшада белгіленген міндет бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға да қолданылады;
6) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруға клиенттің банк шоттарында жеткілікті ақшасы болған кезде, бірінші кезектегі тәртіппен банк шотынан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық төлеушінің төлем тапсырмасын орындауға міндетті. Салық органдарының инкассалық өкімі де осы тәртіппен белгіленген мерзімдерде енгізілмеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасын өндіріп алуды салық органдарынан нұсқау алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей орындауға міндетті.
Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруға клиенттің банк шоттарында ақшасы жоқ немесе жеткілікті болмаған жағдайда, банк ақшаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодесінде белгіленген кезектілік тәртібімен салық берешегін өтеу есебіне алып қоюды жүргізеді;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомаларын:
төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күні аударуға;
төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларда салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығарған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;
банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассасына қолма-қол ақша енгізу күнінен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) нұсқамасы болған кезде тексерілетін:
заңды тұлғаның;
дара кәсіпкердің - кәсіпкерлік қызметінде;
адвокаттың - адвокаттық қызметінде;
жеке сот орындаушысының - атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметінде;
жекеше нотариустың - нотариаттық қызметінде пайдаланатын (пайдаланылған) банк шоттары бойынша жасалатын операцияларды, сондай-ақ осы шоттарда ақша бар-жоқтығын тексеруге салық органдарының лауазымды тұлғасын жіберуге;
9) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің банк шоттарындағы (корреспонденттік шоттарын қоспағанда) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеу жөніндегі операциялардан басқа барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді
10) заңды тұлға немесе дара кәсiпкер болып табылатын қарыз алушының берiлген кредит (қарыз) бойынша мiндеттемелерiнесептен шығарған кезде қарыз алушыда міндеттемелерін есептен шығарудан (соңғысында) кіріс пайда болғаны туралы қарыз алушының - салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органын отыз күн ішінде хабардар етуге;
Осы тармақшада белгіленген міндет банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға да қолданылады;
11) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, осы Кодекстің 216-бабы 4-тармағында көзделген тәртіппен және мерзімде банк сыйақыларын есептегені туралы салық агенті орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органдарына есеп пен мәліметтер беруге;
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) салық қызметі органының сауал салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:
салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;
салық салуға байланысты мәселелер бойынша - кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша тексерілетін дара кәсіпкердің;
салық салуға байланысты мәселелер бойынша - нотариаттық қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша тексерілетін жекеше нотариустің;
салық салумен байланысты мәселелер бойынша - атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша тексерілетін жеке сот орындаушысының;
салық салуға байланысты мәселелер бойынша - адвокаттық қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша тексерілетін адвокаттың;
осы Кодекстің 43-бабына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салық міндеттемесін орындаудың ерекше тәртібі қолданылатын дара кәсіпкердің;
орналасқан жері бойынша шын мәнінде жоқ екендігі осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен расталған және салық есептілігін табыс етудің осы Кодексте белгіленген мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін, осы Кодексте көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, оны табыс етпеген заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен әрекетсіз заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің;
заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамның және оның жұбайының (зайыбының);
мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамның және оның жұбайының (зайыбының);