Бағалы қағаздар нарығында Инсайдерлік ақпаратты ашу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 69 Қаулысы
(2015.19.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 124 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бағалы қағаздар нарығында Инсайдерлік ақпаратты ашу қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан қор биржасы» АҚ және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттері 2012 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өз ішкі құжаттарын осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.