«Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 185 Бұйрығы (күші жойылды)

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 185 Бұйрығы

 

ҚР Ішкі істер министр генерал-лейтенантының 2014 жылғы 22 тамыздағы № 550 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 71-бабының 6-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б. Бердалин):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны алдағы уақытта ресми жариялауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Бекітілді

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2012 жылғы 30 наурыздағы

№ 185 бұйрығымен

 

 

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру

қағидасы

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексіне (бұдан әрі - ҚАК) сәйкес әзірленді және бас бостандығынан айыруға сотталғандарды түзеу мекемелеріне (бұдан әрі - ТМ) орналастыру тәртібін айқындайды.

2. Сотталғандарды бір ТМ-нен басқаға орнын ауыстыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖК) нұсқауы бойынша:

1) сот актілері;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.