Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Президентінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 470 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2011 ж., № 31, 388-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) жоғарыда аталған Жарлықтың № 2 қосымшасы осы Жарлықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) жоғарыда аталған Жарлықтың № 4 қосымшасы осы Жарлықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) жоғарыда аталған Жарлықтың № 11 қосымшасы осы Жарлықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық 2012 жылғы 25 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.