Шетелге оқуға жіберу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығы
Осы редакция 2011 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шетелге оқуға жіберу ережесі бекітілсін.
2. Дамыту стратегиясы департаменті (С.Ә. Ырсалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Ф.Ш. Қуанғановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.