Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 582 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 1055 Қаулысымен күші жойылды
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 7 мамырдағы
№ 582 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) cәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.