«Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 589 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 449 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32, 305-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.