Мемлекеттік меншіктің мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 295 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» акционерлік қоғамдары акцияларының «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қор) тиесілі пакеттеріне айырбастап, Қордың меншігіне беруді қамтамасыз етсін;
2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» акционерлік қоғамдары акцияларының пакеттері мемлекеттік меншікке қабылданғаннан кейін оларды илену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне беруді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.