«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 160 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 131 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 160 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 254-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 131 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 9 ақпандағы
№ 160 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы: бәсекеге қабілеттілікті және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
Пайымдауы: жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, интеллектуалды ұлт.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет салаларының (аяларының) даму үрдістері
1. 1-стратегиялық бағыт. Сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету
1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту