Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2012 жылғы 18 мамырдағы № 2 Өкімі
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдары, Астана, Алматы қалалары және облыстар әкімдері Іс-шаралар жоспарын мүлтіксіз және уақтылы орындауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығына жүктелсін.
5. Іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.А.Майлыбаевқа жүктелсін.