«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығы
(2025.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.04.03. № 192 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.14.09. № 462 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023.31.08. № 454 бұйрығымен (2023 ж. 13 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 73) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.09.12. № 696 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, елдер бөлімінде «Болашақ» халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін шығыстар нормалары бекітілсін.