«Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 Қаулысы (2026.20.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 Қаулысы

(2026.20.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 24, 248-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 қазандағы № 1005 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 427-құжат).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2025.31.12. № 1198 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 20 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 15 мамырдағы

№ 620 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу

қағидалары

 

 

1-тарау. Негізгі ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.

2. Осы Қағидалар:

1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.