Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 671 Қаулысы
ҚР Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен күші жойылды
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлік орталық мәртебесін беру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субьектілердің қызметіне аттестаттау (қайта аттестаттау) өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі № 1061 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 346-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі № 1061 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 174 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 9, 86-құжат)
3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.