«Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 227-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 ақпандағы № 31-НҚ бұйрығы (күші жойылды)

«Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 227-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 ақпандағы № 31-НҚ бұйрығы

 

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 15 тамыздағы № 208-НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 227-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4979 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 16 қарашада № 176 (1379) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесінде:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Өтініш беруші магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат алу үшін уәкілетті органға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беруге арналған өтінішті және мыналар:

1) жер учаскесіне меншік құқығын белгілеуші және сәйкестендіру құжатының;

2) жүктің тегі мен көлемін көрсете отырып, жоспарланып отырған жылдық жүк айналымы туралы мәліметтердің;

3) қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған кірме жолды салу (реконструкциялау) кезінде - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы және қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жазбаша келісімінің;

4) кірме жолдың жалғасу жерін таңдау актісінің;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.