«Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 15 тамыздағы № 208-НҚ бұйрығы

Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 15 тамыздағы № 208-НҚ бұйрығы

 

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова):

1) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан

Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

2) осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Көлік және коммуникация министрі

А. Жұмағалиев

2012 жылғы 8 қыркүйек

 

Қазақстан Республикасы

Табиғи монополияларды

реттеу агенттігі төрағасының

2012 жылғы 15 тамыздағы

№ 208-НҚ бұйрығына қосымша

 

 

Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты

жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір шешімдерінің

тізбесі

 

1) «Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 227-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4979 нөмірмен тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2007 жылғы 16 қарашадағы № 176 (1205) нөмірінде жарияланған));

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.