«Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау қағидасы» (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 141 бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2012 жылғы 14 наурыздағы

№ 141 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау
қағидасы
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы ҚАК) 30-бабына сәйкес әзірленді және қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау тәртібін белгілейді.

2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау заңды күшіне енген сот үкімі, қаулысы, ұйғарымы (бұдан әрі - үкім) негізінде жүргізіледі.

3. Облыстар, Астана қаласы, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің аумақтық қылмыстық-атқару инспекциялары (бұдан әрі - Инспекциялар) қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындайтын органдар болып табылады.

4. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау кезінде аумақтық Инспекциялар:

1) прокуратура бөліністерімен, жергілікті әскери басқару органдарымен, жергілікті атқарушы органдармен, соттармен және қоғамдық бірлестіктермен, сотталғандар оқитын немесе жұмыс істейтін кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың әкімшілігімен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;

2) сотқа:

қоғамдық жұмыстардан қасақана жалтарған жағдайда, қоғамдық жұмыстарға тартуды бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру;

бақылаудан жасырынғандарға және жазасын өтеуден жалтарғандарға қатысты іздеу жариялау және бұлтартпау шарасын таңдау мәселесін қоя отырып, қоғамдық жұмыстарға тартуды бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру;

қамауда ұсталған мерзімін есепке алу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.