Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды орындаудың кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 141 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығымен күші жойылды
Қылмыстық-атқару инспекцияларының жұмысын Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымдастыру мақсатында, «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, Негізгі жаза ретінде тағайындалған белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі, сондай-ақ негізгі жазаға қосымша ретінде тағайындалған айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі, сонымен қатар шартты түрде сотталған кезіндегі жазаны орындауды ұйымдастыру қағидасы;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау қағидасы;
3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, Түзеу жұмыстарды орындау жөніндегі қылмыстық-атқару инспекцияларының қызметін ұйымдастыру қағидасы;
2012 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізілді
4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес, Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеушілерге қадағалауды жүзеге асыру бойынша қылмыстық-атқару инспекцияларының қызметін ұйымдастыру және электрондық бақылау құралдарын қолдану қағидасы;
5) Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес, Мемлекеттік наградаларды алып қою қағидасы;
6) Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес, Жазасын атқаруды кейінге қалдыра отырып сотталғандарға бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық;